Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесті

2161
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы аумағындағы елді мекендерде атқарылған жұмыстардың барысын пысықтап, тұрғындармен кездесті.

Қала әкімі «Агрофирма-Қарасу» шағынауданы тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын жан-жақты түсіндірді.
Шағынаудан электр жарығы, ауыз су жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. 65 үй жекеменшік табиғи газбен қамтылған. 2022 жылы газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

2021 жылы Ақүйік, Ақшат, Көксәйек, Кеңестөбе, Ақбастөбе, Шарбұлақ, Аққанбұлақ, Ақтекше, Аққия көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сарытау көшесі жарықтандырылды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.
2022 жылы Ақбұлым көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ.

Қала әкімі тұрғындарды нысандардың сапасын бақылауда атсалысуға шақырды. Жұмыстар барысында кемшіліктерді, аудан әкіміне жеткізу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде тұрғындар қоғамдық көлік, балалар ойын алаңшасы және жалпы инфрақұрылым саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қала әкіміне алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер