«635 939 теңге қарыз»: «Жасыл Даму» туралы не білеміз?

2256
Adyrna.kz Telegram

Үкімет «ӨКМ Операторының»өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылдады. Ендігі кезекте утилизациялық алымды «Жасыл Даму» мемлекеттік компаниясы жүзеге асырады. Ұйым не істейді, оның қаржылық жағдайы қандай және оны кім басқарады? Осы және өзге де сұрақтарға Azattyq Rýhy тілшісі жауап берді.

Ашық көздерден алынған деректер бойынша, "Жасыл Даму" акционерлік қоғамы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі екені белгілі. Компания сайтында АҚ Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институтын қайта құру жолымен құрылғандығы көрсетілген.

Компания 2013 жылғы 29 наурызда елордада Қонаев көшесі, 12/1-де тіркелді. Ол 31-ден 40 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорын ретінде есептеледі.

Ұйымда бірнеше қызмет түрлері бар: қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтер.

Негізгі миссиясы – қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту бойынша жағдай жасау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түсініксіз. 2011 жылға дейін салық шегерімдері өте жоғары болған, содан кейін ұйым «Жасыл даму» серіктестігі болып қалыптаса бастаған тұста олар күрт төмендеген. Бірақ соңғы жылдары бюджетке түсетін түсімдер артып келеді. Жағдайы жақсы болып көрінгенімен, pk.uchet қызметінің мәліметінше, компания бюджетке салық пен кедендік төлемдер бойынша 635 939 теңге қарыз.

Компанияны бұрын Қостанай облысы бойынша экология департаментінің басшысы болған Азамат Әлімбаев басқарады. Сондай-ақ ол бұрын Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер