Нұр-Сұлтан төрінде Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде көңілің жайланады – Мұхамеджан Тазабек

10089
Adyrna.kz Telegram

«Talim TV» арнасының басшысы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек Instagram желсіндегі парақшасында елде болған тәртіпсіздіктерден кейін астанаға барғанын айтып, елордадан жаймашуақ атмосфера сезілетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кеше астанаға барып қайттым.
«Қаңтар қасіретінен» қамығып тұрған Алматыдан кейін боранды болса да елордада біраз жаймашуақ атмосфера сезілді.
Кез келген соғыс та аяқталады, боз боран ұрыс та тоқтайды. Сол секілді еліміздегі әбігер де басылып келе жатыр.
Алла ақырын хайырлы қылсын!

Үйде еркек болса, бала-шаға қорықпай ұйықтайтыны секілді, Нұр-Сұлтан төрінде қаһарман тұлға Қасым-Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде біртүрлі көңілің жайланады. Алла ісіне береке беріп, қадамын нық қылсын!

Реті кеп, елордада жүргесін, жаңа қызметтерге тағайындалған құзырлы ағаларымыз бен інілерімізді құттықтадым. Бәрінің көзінде от, ынталары "ел" деп ұрып тұр. Жақсылыққа үміт еттім. Алла қаласа, жаңарған жарқын күндердің пайдалы парақтарын осы азаматтар жазады деген ойдамын.

Біз өсек пен ғайбаттың, тұспал мен долбардың құрбаны емес, ел мен жұрттың, мемлекет пен Отанның рухани қызметінде болуымыз керек.
Кешегі сапардан тың серпін, күш-қуат алып қайттым.
Ел аман, жұрт тыныш болсын!»– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер