Әлия Назарбаеваның 220 миллион фунт стерлингтік байлығын қайда жұмсағаны белгілі болды

12399
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаева 220 миллион фунт стерлингтік байлығын елден алып кеткеннен кейін 18 миллион фунт стерлингке люкс ұшақ пен 8,75 миллион фунт стерлинге Лондоннан зәулім үй сатып алған. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол сондай-ақ екі қаржылық кеңесшіге Британдық Виргин аралындағы Лихтенштейннен оффшорлық тресттер мен компанияларға ақша аударуды тапсырған. Содан кейін Ұлыбританияда тұруға рұқсат алу үшін Лондонның солтүстігіндегі Хайгейттен үйдің және Challenger Bombardier ұшағының иесі атанды.

«Бұл ақпарат Назарбаева ханымның екі қаржылық кеңесшісімен болған жанжалдан кейін, атап айтсақ, оларды қаражатты заңсыз иемденді, алаяқтықпен сөз байласу, сенімділік міндетін бұзды деген айыптауынан соң белгілі болды»,– деп жазды Sunday Telegraph.

Қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстан халқы Елбасы мен оның отбасын елден орасан байлық жинады деп айыптады.

Daily Mail басылымы Әлия Назарбаеваның тәртіпсіздіктер кезінде әкесімен бірге Дубайға барғысы келгенін және Лондондағы мүлігін қауіпсіз база ретінде пайдалана алады деген қауесеттің тарағанын атап өтті.

Өткен жылы британ полициясы Назарбаевтың қызы мен немересінің Лондонда 80 миллион фунт стерлингке үш жылжымайтын мүлік сатып алу үшін ақшаны қалай тапқанын түсіндіруге тырысып, Жоғарғы сотта жеңіліп қалған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер