Мұрат Әйтенов «Тұран» шағынауданы тұрғындарымен кездесті

405

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы аумағындағы елді мекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын тексерді. Шаһар басшысы алдымен «Тұран» шағынауданындағы атқарылған жұмыстарды қадағалап, тұрғындармен кездесті.

Елді мекендерді инженерлік желілермен қамтудың Жол картасы бекітілген. Қала шағынаудандары мен тұрғын алаптарында айқындалған өзекті мәселелер осы межеге сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.
«Тұран» шағынауданында мердігер «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан 6,6 шақырым магистралды газ құбыры тартылды. 2-ші кезең бойынша магистралдық жүйелер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Мемсараптама корытындысы алынып, 2022 жылға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген. 3-ші кезең бойынша жалпы «Тұран» шағынауданын абонеттеу бойынша ЖСҚ дайындалды.
Электр қуатымен қамтамасыз етуде «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан магистралды жүйелер құрылысы атқарылуда. Мердігер мекеме магистралды және ішкі орамдық жүйелер құрылысын биыл қараша айында аяқтауды жоспарлауда. Жалпы 70 мың халық сапалы газбен қамтылады.
Шағынауданда 6,88 шақырым магистралды суаққы құрылысы және бірінші кезең бойынша ішкі орамдық жүйелердің құрылысы аяқталған.
Сондай-ақ, өткен жылы жаңадан ашылған мектепке бір шақырым кірме жолдар жасалған. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылы 3,4 шақырым (6 көше), 2024 жылы 4,9 шақырым (6 көше), 2025 жылы 4,3 шақырым (7 көше) бойынша асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта елдімекен тұрғындарына №17 және №75 бағыттағы автобустар тұрақты қызмет көрсетуде.
Қала әкімі аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін атқарылып жатқанын атап өтті. Елді мекендерде азаматтар үшін лайықты өмір сапасын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып, елді мекендегі өзекті мәселелер ретімен шешілетіндігін айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket