Алматы әкімдігі өкілі қаладағы тәртіпсіздіктер кейін келтірілген шығын сомасын айтты. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Қалаға келтірілген шығын сомасы 112 миллиард теңге болады, бизнес нысандары - 67 миллиард, оның ішінде 42 миллиард шағын және орта бизнеске тиесілі. Азық-түлік сатпайтын дүкендер көп зардап шекті. Оларға келтірілген шығын сомасы 21 миллиард теңге, ал қару-жарақ дүкендеріне 6,4 миллиард теңге көлемінде залал келді. Қаржы ұйымдарының ішінде банктер, банкоматтарға келтірілген шығын 700 миллион теңге болды. Әкімшілік ғимараттар бойынша Мұхит Бақытұлы баяндады, - деді ол.
Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалада зардап шеккен 10 нысан мемлекет есебінен қалпына келтірілетінін айтты.
- 243 нысанды қалпына келтіру қажет, өрт ауыздықталған жерлердегі есік әйнегін ауыстыру керек. Оның ішінде 27-сі - мемлекеттік мекеме нысаны, 216-cы - шағын және орта бизес нысаны. 27 мемлекеттік нысанның 10-ын қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, онда үлкен жұмыстар жүргізу керек. Олар - әкімдік ғимаратының 4 нысаны, "Қазақстан" телеарнасы ғимараты, Президент резиденциясы, қала прокуратурасының Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу жөніндегі басқармасының ғимараты. Сондай-ақ 6 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет: Полиция департаментінің ғимараты, Алмалы аудандық Полиция басқармасының ғимараты, фронт-офисі. "ҚазҚСҒЗИ" институттары мен "ҚазМир" АҚ қажет соманы есептеуге көмектеседі, - деп түсіндірді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.
"Адырна" ұлттық порталы