Елімізде аусыл ауруының тіркелгені ресми түрде расталды

4373
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда аусыл ауруының тіркелгенін ресми түрде растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Қарағанды облысы Шет ауданының Киікті ауылдық округінде дене қызуы көтеріліп, жем-шөптен бас тартқан ірі қара мал анықталды. Диагнозын анықтау үшін осы жануарлардан биологиялық материал сынамалары алынды, олар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына жіберілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша аусыл диагнозы қойылды»,– делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты 14 қаңтарда Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен ауру малдар табылған «Мұрат» фермерлік шаруашылығына карантин қойылды.

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ ветеринариялық-карантиндік іс-шараларды жүргізуге кірісті, инфекция ошағын жою бойынша арнайы техника мен 16 маман жұмылдырылды. Өңірдегі эпизоотиялық жағдай бақылауда», - деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Ресей аусыл ауруына байланысты Қазақстаннан ет пен сүт әкелуді шектеген болатын.

Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Оған шалдыққан малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тутасып, іріңді суға айналады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер