Рим Папасы Франциск қайтыс болды

1336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8347-960x500.jpeg?token=41f2cd4f756a8a606cff37d48ea5e451

Бүгін, 21 сәуірде 88 жастағы Рим Папасы Франциск Ватикандағы резиденциясында қайтыс болды. Қайғылы хабарды Кардинал Кевин Фаррелл жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін таңғы сағат 7:35-те Рим епископы Папа Франциск үйіне аттанды. Оның бүкіл өмірі Жаратқан Иеге және Шіркеуге қызмет етуге арналды», – деді ол.

Ақпан айының ортасында Рим Папасы бронхитті емдеу үшін Римдегі Гемелли ауруханасына жатқан еді. Кейін денсаулығы нашарлап, пневмония анықталған. Оны бірнеше рет жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Айта кетейік, Франциск Рим папасы болып 2013 жылы наурызда сайланды. Ол денсаулығына байланысты тақтан түскен XVI Бенедиктті алмастырды.

댓글
기타 기사