Осакадағы Дүниежүзілік көрмеде SkyDrive ұшатын көлігі көрсетілді

2028
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/075e5f21-381b-45ff-8f95-bbdf25127d32-960x500.jpeg?token=77c80bc77483fbf6d3d97c5112cfdf47

SkyDrive Inc компаниясы жасаған ұшатын автокөлік Дүниежүзілік көрменің ресми ашылуы қарсаңында Осаканың жасанды аралы – Юмешимада көкке көтерілді. Көрменің ашылуы 13 сәуірде өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы жапондық басылымдарға сілтеп.

Тік ұшып-қона алатын электр көлігі (eVTOL) – үш адам және бір ұшқышты тасымалдай алатын жеңіл мультикоптер. Оның шу деңгейі тікұшақпен салыстырғанда шамамен үш есе төмен.

Таныстырылымдық ұшу барысында мультикоптер шамамен бес метр биіктікте төрт минуттай ауада қалықтап тұрды.

«Біздің мақсатымыз – адамдар бұл көлікті танып-біліп, оны ұнатса дейміз», – деді SkyDrive компаниясының бас директоры Фукудзава Томохиро.

Компания Жапонияның орталығындағы Айти префектурасында, Тоёта қаласында орналасқан.

Ұшатын көліктер бастапқыда Osaka Expo көрмесінде көлік құралы ретінде қолданылуы жоспарланған еді. Дегенмен, олар көрме қонақтарын тасымалдамайды, алайда SkyDrive көрме кезінде өзінің ұшатын автокөліктерінің көрсетілімдік ұшуларын өткізеді.

댓글
기타 기사