Жамбыл облысында қызметтік көлікте патрульдеу кезінде полиция қызметкері әріптесіне оқ атып, жарақаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында ақпаратты жариялады.
«Бүгін Жамбыл облысында полицей қызметтік көлікте келе жатып, әріптесіне оқ атты», – деп жазды ол.Облыстық ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған.
«2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызметтік аумақты патрульдеу кезінде қаруды абайсыз қолдану салдарынан полицейдің бірі әріптесінің арқасына кездейсоқ оқ атты», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.Құқық қорғау органдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде жіберілген салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Зардап шеккен қызметкер қазір Кордай аудандық ауруханасына жатқызылды.