Қарағандыда дала өртін сөндіру кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты

1764
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img_0020-1.png

Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру кезінде ТЖД қызметкері Хали Хайрат қаза тапты. Қайғылы оқиға 6 қазанда болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды,—делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін атап өтті.

Еске салайық, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп кеткен еді. Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.

댓글
기타 기사