Ақмола облысының мектептері 100 пайыз тамақпен қамтылған

1158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-13-at-15.59.23.jpeg
Ақмола облысында оқушылар үшін тамақтану ұйымдастырылуы тиіс 524 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 491 мектепте ыстық тамақ, 33 мектепте асханалардың жоқтығынан, сондай-ақ контингент санының аздығынан - буфеттік тамақ ұйымдастырылды. Ал ыстық және буфет жиынтығында облыс бойынша тамақпен қамту 100% құрайды. 2016 жылдан бастап облыста 45 мектеп асханасы МЖӘ шеңберінде сенімгерлік басқаруға берілді, олардың негізгі бөлігі облыс орталығының мектептеріне тиесілі. 97 мектепте азық-түлік жеткізушілері конкурс бойынша анықталды, 376 мектеп штаттық аспаздары бар тамақтануды өз бетінше ұйымдастырады. 2024-2025 оқу жылында мектептердің ас блоктарының ыстық тамақты ұйымдастыру сапасына және санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу үшін облыстық білім басқармасы, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бірлескен бұйрық жасады.
«2024 жылдың 9 қыркүйегі мен 20 қыркүйегі аралығында чек парағына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында мектеп асханаларын тексеру басталды. Қазіргі уақытта білім бөлімдерінің аудандық ведомствоаралық сараптамалық топтары аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп 44 мектепте мониторинг жүргізді. Сондай - ақ мектеп асханаларына 154 мектеп бракеражды комиссиясы тексеру жүргізді», - деді өңірдегі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бақытжан Тұткабаева.
댓글
기타 기사