Ақмола облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны артып келеді

1358
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-26-at-18.14.16-1.jpeg
Бүгінгі таңда Ақмола облысында жалпы контингенті 38 мыңға жуық тәрбиеленушісі бар 600-дей мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұл 258 балабақша мен 338 мектепке дейінгі шағын орталық.
«Мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың 2024-25 жылдарға арналған түзетілген қадамдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 1600-ден астам жаңа орын құру жоспарлануда. Бұл 1381 орындық 10 мектепке дейінгі ұйымның ашылуы және жұмыс істеп тұрған 7 мектепке дейінгі ұйымның 242 орынға кеңеюі» - деп бөлісті облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Андрей Майбах.
Жыл соңына дейін 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспарланып отыр. 2024 жылдың басынан бері 545 жаңа орын құрылды. Целиноград, Ерейментау және Шортанды аудандарында 391 орындық 3 жекеменшік балабақша ашылды. Жұмыс істеп тұрған 5 балабақшада қосымша 150-ден астам орын құрылды. Айта кетейік, облыста 1286 орындық 5 балабақша құрылысы жалғасуда. 280 орындық балалар мекемелері Целиноград ауданы, Қосшы қаласы, Красный Яр ауылы мен Көкшетау қаласында және 166 орындық мобильділігі төмен топтар үшін Көкшетау қаласында салынып жатыр.
댓글
기타 기사