Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар Лигасында ірі жеңіске жетті

3145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/izobrazhenie_2023-12-06_124344498.png
Елордадағы «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл Қазақстан командасының УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы соңғы, алтыншы матчы еді. Бірінші таймда 40-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова есеп ашты. Ойынның екінші жартысында 48-минутта Аида Гайстенова есепті 2:0-ге жеткізді. Он минуттан кейін Ю.Мясникова екінші голын соқты. 68-минутта Армения ойыншысы Клаудия Чолакян айып добын орындап, бір гол соқты. Дегенмен 71-минутта Камила Құлмағамбетова матчты 4:1 есебімен түйіндеді. Алты турдың қорытындысы бойынша Мадияр Кембілов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы С4 тобында 8 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Израиль (16 ұпай) көш бастаса, Эстония (10 ұпай) екінші сатыға жайғасты. Ал Арменияда бірде-бір ұпай жоқ.
댓글
기타 기사