Өзін-өзі атып қаза тапқан Ұлттық ұлан қызметкеріне қатысты ІІМ мәлімдеме жасады
Өзін-өзі атып қаза тапқан Ұлттық ұлан қызметкеріне қатысты ІІМ мәлімдеме жасады
11.10.2023
3251
Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қазасына байланысты ІІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Осы факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оны тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда қаза тапқан әскери қызметшінің ұялы телефоны мен бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тергеу барысында қатардағы Сұлтановтың оқиға орнында жалғыз болғаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін Сұлтановтың әскери әріптестерінен, оның командирлерінен, басқа адамдардан жауап алу, сондай-ақ тиісті кешенді сараптамалық зерттеу шаралары жүргізілуде. Жәбірленуші жақтың уәждері де толық тексеріледі. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ерекше бақылауда», – деді ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы Серікбай Құсайынов.
Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Еске салсақ, 9 қазанда түнгі сағат 01:00-де Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы Сұлтанов кезекші бөлімшенің құрамында бола тұра, бекітілген штаттық қарумен өзін-өзі бастан атып, қаза тапқанын жазған едік.