Тағы да бейбіт күннің өлімі. Сарбаздың "өз-өзін атып" қаза тапқаны хабарланды

2971
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

9 қазан күні Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ұлттық ұланның баспасөз мәліметіне сәйкес, 6636 әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы Қайсар Сұлтанов әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамында болған.

«Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші және бөлімше командирі қызметті тексеру кезінде қатардағы Сұлтановтың өз бекетінде басына оқ атып, жаралы жатқанын байқады. Сарбаз жедел жәрдем жеткенше көз жұмды», – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер