10 күн ішіндегі екі қаза. Министрліктің оқу орнын тексеретіні хабарланды

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/779GDSoiTIrKCvtdvD9W39qm2xwYFtFgm9YiFuDu.webp

Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай ішінде екі бірінші курс студенті көз жұмғаннан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кешенді тексеру жүргізеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Министрліктің мәліметінше, университетке арнайы мониторинг тобы жіберіледі. Мамандар оқу орнындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, студенттермен жүргізілетін тәрбие және психологиялық жұмыстардың жай-күйін тексереді. Тексеру барысында студенттер арасындағы жанжалдарды анықтау және алдын алу тетіктеріне, олардың өтініштеріне уақытылы жауап беруге, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету мәселелеріне басымдық беріледі.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына прокуратура, полиция, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, психологтар мен қоғам белсенділері кірді. Жұмыс тобы Алматыдағы студенттер жатақханаларын аралап, білім алушылармен кездеседі және түсіндіру, профилактикалық шараларын өткізеді.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздігін күшейту және білім алушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алу жөнінде қосымша шаралар әзірленеді.

Бұған дейін 6 қараша мен 16 қарашада ҚазҰУ-дың бірінші курс студенттерінің қаза тапқаны белгілі болды.

댓글
기타 기사