Жоғалған әйелдің мәйіті табылды

420
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VcgUjGTkGIqKgOfir7WFOa45TRm9aJKvcTEQCtAq.webp

Фото: Бейнеден скрин

Теміртау маңынан екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің бөлшектелген мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна”. 

КТК дерегінше, оны өлтірді деген күдікпен бірге тұрған 40 жастағы ер адам ұсталды.

Арна мәліметінше, Ирина Керн 20 қыркүйекте жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, сол күні ол күйеуімен жанжалдасып, үйден шығып кеткен. Әйелді іздеуге еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Олар қызметтік иттердің көмегімен орман алқаптарын, саяжайларды және зираттарды тексерген. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.

Әйелмен бірге тұрған азамат оның үйден жиі кетіп қалатынын айтқан. Тіпті іздеу жұмыстарына өзі де қатысқан. Кейін ер адамның осы іске қатысы бар деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Марқұмның дене қалдықтары Теміртаудан 22 шақырым жердегі шипажай аумағынан табылған. Күдікті аталған мекемеде от жағушы болып жұмыс істеген. Әйелдің артында үш баласы қалды. Кенже баласы – үш жаста.

«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстадық. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Теміртау қалалық полиция басқармасының бастығы Талғат Бакаев.

Полиция мәліметінше, мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

댓글
기타 기사