Вице-президент, Құрылтай төрағасы. Ұлттық пантеонға жерлеу қағидалары өзгерді

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I6tHo4qOMoL5UcvdyllDSIbtjm966HmumrUB5Xms.webp

Үкімет Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлеу қағидаларын өзгертті. Жерлеуге құқығы бар тұлғалар тізіміне вице-президент, Құрылтай төрағасы және Қазақстан халық кеңесінің төрағасы сияқты жаңа мемлекеттік лауазымдар енгізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2026 жылғы 4 қарашадағы №981 Үкімет қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізілген.

Жаңа ережеге сәйкес, Ұлттық пантеонға мына тұлғалар жерленеді:

Қазақстанның вице-президенттері, премьер-министрлері және олардың орынбасарлары;

Құрылтай төрағалары және олардың орынбасарлары;

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары;

Парламенті палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары;

Мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер;

Президенті әкімшілігінің басшылары;

Конституциялық Кеңестің, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Ұлттық банктің төрағалары;

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарлары;

Министрлер, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары;

Елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері;

Президенттің арнайы шешімі бойынша басқа да Қазақстанның азаматтары.

Мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, қолданыстағы ережеге сәйкес, Ұлттық пантеонға Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері, Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері жерленуі мүмкін.

Сондай-ақ тізімге жекелеген мемлекеттік ордендердің иегерлері мен «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын алған азаматтар кіреді.

Негізгі өзгеріс Ұлттық пантеонға жерленуге құқығы бар мемлекеттік лауазымдар тізімінің кеңеюіне байланысты болған. Бұған дейінгі ережеде вице-президент, Құрылтай төрағасы, Қазақстан халық кеңесінің төрағасы және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымдары көрсетілмеген болатын.

댓글
기타 기사