Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қаһарман

257
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kHzZYx5L2xWZHtha7iIfvnT6gs0loKF82IgwrUDS.jpg

Бүгін, 19 қазанда Рейхстагқа ту тігіп, соғыстың соңғы нүктесін қойған батыр, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1924 жылы қазіргі Ақмола облысының Целиноград ауданында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1944 жылы Фрунзе қаласындағы (қазіргі Бішкек) жаяу әскер училищесін тәмамдаған. Сол жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданы құрамындағы Идрицк атқыштар дивизиясының 150-атқыштар полкінде взвод командирі болып, Польша мен Германия аумағындағы шайқастарға қатысқан.

Рақымжан Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде ерекше ерлік танытты. 1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Эльба өзені бойында орналасқан кеңестік оккупациялық әскер бөлімдерінде қызмет етті. 1947–1967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды. Ал 1967 жылдан бастап «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарды.

Ерлігі мен еңбегі үшін Рақымжан Қошқарбаев «Қызыл Ту», I дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, сондай-ақ «Берлинді алғаны үшін» және «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған.

Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденіне ие болды. 2001 жылы оған қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

댓글
기타 기사