Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IerDOYbe21RJ6XfG9otAqYFSlnokSmTvh0IGlqLl.webp

Әзербайжанда Instagram мен TikTok әлеуметтік желілеріне VPN арқылы ғана кіруге болатыны туралы шағымдар көбейді, деп хабарлайды “Адырна”. 

ВВС дерегінше, пайдаланушылар интернеттің баяулағанын да хабарлаған. Бұл жағдай мектептерде хиджаб киюге қатысты шектеулерге қарсылық білдірген наразылықтармен байланысты болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, 12 қазанда Әзербайжадағы пайдаланушылардың басым бөлігі Instagram мен TikTok-қа VPN-сіз кіре алмаған. Кейбір қолданушылар YouTube пен Gmail қызметтерінде де ақаулар барын айтқан. Алайда ел билігі әлеуметтік желілердің бұғатталғанын ресми түрде растаған жоқ.

Даудың туындауына 21 қыркүйекте қабылданған үкімет қаулысы себеп болған. Құжатта мектептегі киім үлгісі білім берудің зайырлылық қағидатына сай болуы керектігі көрсетілген. Осыдан кейін бірқатар мектепте хиджаб киюге қойылған шектеуге қарсы наразылықтар өткен.

12 қазанда Әзербайжан ІІМ қаулының орындалуына кедергі келтірді деген күдікпен 37 адамның ұсталғанын хабарлаған. Оларға мектептердің жұмысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылған.

BBC дереккөзінің мәліметінше, кейбір мектептерде жоғары сынып оқушыларынан сақалдарын қыру да талап етілген. Алайда бұл талап қаулы мәтінінде көрсетілмеген.

Әзербайжан — зайырлы мемлекет, халқының 90 пайыздан астамы мұсылмандар. Елде мектептерде хиджаб киюге 2011 жылы да шектеу қойылып, бұл шешім жаппай наразылықтарға ұласқан.

댓글
기타 기사