Жел күшейіп, тұман түседі. 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0odFwFPfUHbyJPk1MdCBuO0hUDXr2MAUImUaescG.jpg

11 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, кей аймақтарда тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды "Адырна".

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнгі және таңғы уақытта Абай, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Мұндай жел Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында да болжанып отыр.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы күндіз 17-22 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарының кейбір аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Ұлытау облысының осы бөліктерінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістерін ескеріп, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

댓글
기타 기사