Мерейтойлық Zerenda Half Marathon 11 елдің спортшыларын біріктірді

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rztyisnCcDQL2t4p8TpcPv4jFSQwb4AGRQQWJTFK.jpg

Ақмола облысы белсенді өмір салтын ұстанушылардың басын қосатын орталықтардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, бесінші мерейтойлық ZERENDA HALF MARATHON халықаралық марафонын қабылдады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысты.

«Қысқа уақыт ішінде бұл марафон халықаралық мәртебеге ие болды. Биыл жарысқа 11 елден 1,5 мыңға жуық спорт әуесқойы тіркелді. Қатысушылардың барлық тілектерін ескеріп, балалар жарысынан бастап, жартылай марафон және 30 шақырымдық жүгіруге дейін түрлі қашықтықтар әзірленді. Айта кету керек, соңғы бір жылда облыс аумағында 50-ден астам балалар спорт алаңы және 13 ірі спорт нысаны салынды», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев.

Жарыс бағыты Зеренді көлін айнала қоршаған асфальтталған жолдармен, қыраттар мен ормандардың арасымен өтті. Биыл Зерендіде марафон бесінші рет ұйымдастырылды. Спорттық шараға қатысушылар саны жыл сайын артып, әртүрлі жастағы белсенді өмір салтын ұстанушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Биылғы жарыстың ең жас қатысушысы 6 жаста болса, ең егде спортшының жасы 77-де.

Жарыстағы жеңімпаздардың қуанышы мен спорттық тартыс мерекелік көңіл күйді айшықтай түсті. Жарыс жеңімпаздарының бірі Ерлан Тайтлеуов өз әсерімен бөлісті.

«Мен Астанадан келдім. Бұл мен үшін күтпеген нәтиже болды. Өзім шаңғы спортымен айналысамын. Соңғы үш-төрт жылда марафондарға белсенді қатыса бастадым. Бастапқы мақсатым алғашқы бестікке кіру еді. Алайда мәреге жақындағанда адреналинмен жылдамдықты арттырып, бірінші болып келдім. Осындай көрікті жерде жүгіру - екі есе ләззат. Ұйымдастырушыларға және басқа спортшыларға рақмет. Атмосферасы керемет», - деді Ерлан Тайтлеуов.

댓글
기타 기사