Президент: Қытай компаниялары Alatau City жобасына үлес қоса алады

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XMed1LaELdXDYXjBuhZKelGGunIVGfm8HvJdoY9i.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Alatau City жобасының стратегиялық маңызына тоқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоба жаңа экономикалық және технологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

«Alatau City жобасына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл – бірегей экономикалық және технологиялық экожүйе қалыптастыруға бағытталған бастама. Аталған жоба аясында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект қала басқаруына, көлік жүйесіне, энергетикаға, білім беру саласына және қоғамдық қызметтерге кеңінен енгізіледі», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жобаны іске асыру барысында халықаралық тәжірибені зерттегенін атап өтті.

«Біз халықаралық тәжірибені мұқият зерттедік. Соның ішінде бірнеше онжылдық ішінде жоғары технологиялардың ірі орталығына айналған Шэньчжэнь қаласының жетістігі ерекше назар аудартады», – деді ол.

Президенттің сөзінше, қытайлық компаниялар Қазақстандағы жоғары технологиялық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатыса алады.

«Қытай компанияларының Қазақстандағы осындай жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосатынына сенемін. Алдағы жылдары екі ел мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа жоғары технологиялық бағытын қалыптастыра алады деп кәміл сенемін», – деді мемлекет басшысы.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Алматыда өтетін маңызды экономикалық іс-шараға назар аударды.

«25 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ерекше атап өткім келеді. Жаңа экономикалық және инвестициялық жобаларды іске қосуға арналған маңызды алаңға айналатын бұл форумға қатысуды жоспарлап отырмын», – деді ол.

댓글
기타 기사