Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Қазақстанның алтыны 32-ге жетті

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1srAZV1jsGJ4PkKakQjT5bkpd4eO1BK2pPOdThV1.webp

Фото: 24.kg

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына бірқатар жүлде қосты. Нәтижесінде ұлттық құраманың алтын медаль саны 32-ге жетті.

Бүгін спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша бақ сынады.

Зияткерлік спорт түрлеріндегі шешуші бәсекелерде қазақстандықтар жоғары нәтиже көрсетті. Тоғызқұмалақтан ел спортшылары 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Ал мангала жарысында Қазақстан құрамасының өкілдері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны саналатын овари сайысында да қазақстандық спортшылар жүлде иеленді.

Ал көкбөріден финалдық кезеңде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Тартысты өткен шешуші ойында қырғыз спортшылары басым түсіп, алтын медальді жеңіп алған болатын. Қазақстан құрамасы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынындағы алтын медаль саны 32-ге жетті.

댓글
기타 기사