Ақбаян Мұқанғалиева емдеуден кейін балаларымен кездесті

375
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Z92IG9LIb2r6PgRv9OZkds2w0sXJYsyGlAI7QRxN.webp

Атырауда туыстарын өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығындағы емнен кейін балаларымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятова хабарлады.

Оның айтуынша, Ақбаян Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап, кейін медициналық мекемеден шығарылған. Ол балаларын екі рет барып көрген.

Алайда Ақбаянның емделуі әлі де жалғасуы мүмкін. Туыстарының айтуынша, ол психикалық денсаулық орталығына қайта барып, 10 күн ем қабылдауды жоспарлап отыр.

Қазір Ақбаянның төрт баласы – 10, 8, 5 және 4 жастағы балалар – Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Ал бір жарым жастағы ұлы мамандандырылған бөбектер үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Орталық директорының айтуынша, Ақбаян емделудің келесі кезеңінен өткен соң оның жағдайы қайта бағаланады. Егер денсаулығы мүмкіндік берсе, балаларын өз қамқорлығына алу мәселесі қаралуы мүмкін.

Орталықта балалардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, эмоционалдық ахуалы тұрақты екені айтылды.

Үлкен балалары оқуын жалғастырып жатыр. 10 жастағы қызы төртінші сыныпта, 8 жастағы ұлы үшінші сыныпта оқиды. Мұғалімдер балалар орналасқан орталыққа келіп, сабақтарды бекітілген кесте бойынша өткізеді.

댓글
기타 기사