ҰҚК полиция бастығының інісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UibLIFYZbWsS0anbsjU4SvWwwT38WUhAQHdzeN8H.webp

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің туған інісі Нариман Файзуллинге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Нариман Файзуллинге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Нариман Файзуллин «Степняк 2015» ЖШС директоры қызметін атқарады.

Бұған дейін БАҚ-та оның 26 тамызда ұсталғаны және Қылмыстық кодекстің 367-бабы 3-бөлігі бойынша күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет ҰҚК-нің ресми жауабында нақтыланбаған.

Ерлан Файзуллин 2023 жылғы мамырдан бері Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарады. Оның арнайы атағы – полиция генерал-майоры.

 

댓글
기타 기사