Қазақстандық суретші Қырғыз Алатауында Путинге қарсы пикет өткізді

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7QzzUYq3XiCWv7h3wLFXCvDIlxBXvwaGfxsuw3IY.webp

Қазақстандық суретші Паша Кас Қырғызстандағы саммит қарсаңында тауда жеке пикет өткізді. Ол таудың шыңында «Соғысыңды тоқтат» деген жазуы бар плакат жайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Паша Кас бұл акцияны 30 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетін Бішкек қаласының маңында өткізген. Суретші өз жазбасында соғыс жүріп жатқан кезде бейбітшілік туралы келіссөздер өткізудің қайшылығына назар аударған.

«Төменде, Қырғызстанда ШЫҰ саммиті өтіп жатқан кезде, бүгін де, кеше де, одан бұрынғы күні де біреу оянбай қалуы мүмкін. Біреудің жертөлесінде балалардың саны кемиді.

Мұның әлі де не үшін жалғасып жатқанын білмеймін. Тіпті, бұл таудың аты берілген жалғыз адамнан басқа ешкім нақты білмейтін сияқты. Ол бұл жазбаны оқымайды.

Төменде адамдар кездесіп, бейбітшілік туралы сөйлесіп, бірге суретке түсіп жатқанда, соғыс жалғасып жатыр.

Менен кейін бұл жерге келіп, өз қолтаңбасын қалдыратындардың ешқайсысы соғысты тоқтата алмауы мүмкін. Бірақ шындықты бәрібір жазып қалдыру керек. Оны жылдар бойы оқитын адам болмаса да.

Өз соғысыңды тоқтат», - деп жазды ол.

Паша Кас — Қазақстаннан шыққан заманауи стрит-арт өкілі. Ол әлеуметтік және экологиялық тақырыптарға арналған граффити, перформанс және паблик-арт жобаларымен танымал.

댓글
기타 기사