500 мың теңгелік қуыршақ. Алматы полициясы ақпаратты тексерді

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/12lFMilSU8c7cKk6iH7xuUjZ67lIRkRgyHwALDPs.webp

Әлеуметтік желілерде Алматыда 500 мың теңгеге қуыршақ сатылатыны туралы хабарландыру қызу талқыға түсті. Жарияланымдағы қымбат баға мен мәтін желі қолданушыларының назарын аударып, кейбір азаматтар хабарландырудың астарында жаңа туған нәрестені сату туралы ұсыныс болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Осыған байланысты Алматы қаласының полициясы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты тексерді, деп хабарлайды "Адырна".

Құқық қорғау органдары хабарландыруды жариялаған адамды анықтап, оның мән-жайын зерделеді.

Полицияның мәліметінше, хабарландыру авторы психоневрологиялық есепте тұрған ер адам болып шыққан. Тексеру барысында оның адам саудасына, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысы бар екенін растайтын қандай да бір дерек анықталмаған.

Осылайша, әлеуметтік желі қолданушылары арасында тараған күдік өз растауын таппады.

Алматы полициясы азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпаратты таратуға асықпай, оның анықтығын ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.

댓글
기타 기사