Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салына ма?

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bzfYUSQVxO5VK2dbBf2z5FgC44TFmuqdS7CeNkPV.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заң жүзінде тыйым салу бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Президент 26 тамыз күні өткен «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында айтқан.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шара әлемнің бірқатар елінде енгізіліп жатыр.

«Егер тиісті заң қабылданса, оны толық жүзеге асыру тетігін ойластыруымыз керек. Қауқарсыз заң ешкімге қажет емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамаға да ерекше назар аударуды тапсырды. Оның пікірінше, ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қажет.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселесіне тоқталды. Ол мұндай балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасап, медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін айтты.

Президент ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтарды әр облыс пен ірі аудандардағы қалаларда салу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баламалы энергия көздерін дамытуға бағытталған заң жобаларын жедел қарастыру маңызды екенін айтты.

댓글
기타 기사