Президент Тоқаевты АҚШ басшысы саммитке шақырды

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zAj0HO24sQffJImEb8lklaFPldL6iNthRw1kG0Bi.jpg

АҚШ делегациясын бастап келген Джейсон Смит Астанаға сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді.

Джейсон Смиттің айтуынша, Дональд Трамп оған кездесуге бірнеше сағат қалғанда телефон шалып, Қазақстан Президентіне өз сәлемін жолдауды тапсырған.

«Президент сізге ең жылы тілегін жеткізуді сұрады. Ол сіздердің араларыңызда қалыптасқан сенімді әрі сындарлы қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын айтты», – деді конгрессмен.

Сондай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін күтетінін жеткізген.

Джейсон Смит АҚШ делегациясының Қазақстанға сапарының негізгі мақсаттарының бірі екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу екенін атап өтті.

«Біз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды диалог орнатуға берік ниеттіміз. Президентіміз мұны аса маңызды деп санайды», – деді ол.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Майамиге алдағы сапары Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

댓글
기타 기사