Алакөлде іздеуде болған ер адамның мәйіті табылды

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алакөлде бірнеше күн бойы іздеуде болған 44 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ер адам Алакөлге жұбайы, үш баласы және әкесімен бірге демалуға келген. 17 тамыз күні кешкі уақытта ол «серуендеп келемін» деп демалыс орнынан шығып, қайта оралмаған.

Туыстарының айтуынша, ол көлге шомылмаған. Бейнебақылау камераларынан оның Арбат маңында жүргені анықталған. Кейін оның ұялы телефоны өшіп қалған. Телефонды жергілікті жасөспірім Алакөл жағалауынан тауып, демалыс орнының күзетшісіне тапсырған.

Ер адамды іздеу жұмыстары 18 тамызда басталған. Іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды. Сонымен қатар арнайы көліктер мен дрондар қолданылған.

Бірнеше күнге созылған іздеу барысында ер адамның денесі демалыс орындарынан шамамен 200 метр қашықтықтағы қалың ағаштардың арасынан табылды.

Абай облысының полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

댓글
기타 기사