Президент Тоқаев аса маңызды минералдар саласын дамыту мәселелерін талқылады

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oxeAwjsqvTfcLidmWCDpILDzKnU17eSMHFBzqHiB.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның ресурс қоры мен өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азияда жетекші орын алатынын атап өтті. Президент бұл мүмкіндіктерді ел мүддесіне тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, әлемдегі қазіргі ахуал табиғи ресурстарға бай мемлекеттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Сонымен қатар аса маңызды материалдарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейіп келеді.

Президент бұл бағыттың жоғары технологиялық салаларды дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан қолда бар ресурстар мен өндірістік әлеуетті тиімді пайдаланып, өндіріс тізбегін жүйелі түрде дамытуы қажет.

Отырыста Үкімет мүшелері саланың қазіргі жағдайы, минералдық ресурстар қорын игеру перспективалары, қайта өңдеу өндірісін дамыту және саладағы негізгі кедергілер туралы баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берілді.

Атап айтқанда, саланы дамытудың жүйелі тәсілін қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық барлау мен өңдеу жұмыстарын дамыту, техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға енгізу көзделді.

Сондай-ақ зертханалардың материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін күшейту және әкімшілік кедергілерді жою жөнінде тапсырмалар берілді.

댓글
기타 기사