АҚШ-тың зымырандары өзіне қажет — Трамп

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7y4AZqF77SDkSeSMwFmK8GdaTRW1Xmw0tBcjqJ7C.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байден әкімшілігін Украинаға әскери көмек көрсету барысында америкалық оқ-дәрі қорын азайтты деп айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, қазіргі әкімшілік АҚШ арсеналдарын қайта толықтыруға кіріскен.

Трамп 6 тамызда Ақ үйде өткен брифинг барысында Байден әкімшілігі Украинаға шамамен 300 миллиард доллар көлемінде оқ-дәрі бергенін айтты.

«Мен қызметтен кеткен кезде бәрі толық болатын. Ал ол олардың едәуір бөлігін беріп жіберді. Қазір біз қорларды қайта қалпына келтіріп жатырмыз», – деді АҚШ президенті.

Журналистер Трамптан Вашингтонның Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған қосымша зымырандар мен алыс қашықтықтағы зымырандарды беруді жоспарлап отырғанын сұрады.

Бұған Трамп: «Бізге де зымырандар қажет», – деп жауап берді.

Сонымен бірге АҚШ президенті америкалық қарулы күштердің қазіргі жағдайы жақсы екенін атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ армиясында қару-жарақ жеткілікті, ал кейбір қару түрлері заманауи болмаса да, тиімділігін сақтап отыр.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елге әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар аса қажет екенін хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, 1 тамызға қараған түні Ресей Украинаға 35 зымыран ұшырған. Олардың 27-сі баллистикалық зымыран болған. Украинаның әуе қорғаныс күштері олардың біреуін ғана атып түсірген.

Украина басшысы халықаралық серіктестерді қажетті зымырандарды жедел түрде жеткізуге шақырды. Оның пікірінше, бұл қару ықтимал сценарийлер үшін қоймада сақталмай, Ресейдің шабуылын тежеу үшін дәл қазір қолданылуы қажет.

댓글
기타 기사