Neuralink арқылы көру қабілетін қалпына келтіру. Илон Маск жаңа жоспарымен бөлісті

158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vGtYrmZJI9TfRgAWBwoKukErFIrybmzsG5vQ4wAX.jpg

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Neuralink компаниясының миға орнатылатын импланттар арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытындағы жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Масктың айтуынша, алдағы 6–12 ай ішінде көру қабілетін қалпына келтіруге арналған алғашқы импланттарды орнату жоспарланып отыр. Оның сөзінше, технология тіпті туғаннан бері көрмейтін адамдардың да көру жүйесіне әсер етіп, миға визуалды ақпарат жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін.

«Бұл бағыт Neuralink дамуының тек бастапқы кезеңі. Болашақта мұндай технологиялар адамның көру мүмкіндігін кеңейтіп, Ultra HD сапасындағы бейнені қабылдауға, сондай-ақ инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарды көруге мүмкіндік беруі ықтимал», – дейді ол.

Масктың айтуынша, алдағы уақытта нейроимпланттар адамның табиғи қабілеттерінен тыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін. Ол мұны «суперқабілеттерге» ұқсас технология ретінде сипаттады.

Neuralink – адам миы мен компьютер арасындағы байланысты дамытуға бағытталған компания. Жоба миға орнатылатын шағын құрылғылар арқылы жүйке жүйесімен тікелей байланыс орнатуды көздейді.

Қазіргі уақытта көру қабілетін толық қалпына келтіру және адамның жаңа спектрлерді қабылдау мүмкіндігі ғылыми зерттеу кезеңіндегі бағыттардың бірі болып саналады.

댓글
기타 기사