Қытай бір тәулік бойы әуеде қалықтайтын дронды сынақтан сәтті өткізді

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5uK2Tm1aMy0HD02SNeilZ3OB9YMQfkbDZiDb4Uvt.jpg

Қытайдың Шаньдун провинциясында TP200 көпмақсатты азаматтық ұшқышсыз ұшу аппаратының алғашқы сынақтары сәтті өтті. Бұл – ұшу қашықтығы 3 мың шақырымға дейін жететін, тонна санатындағы Қытайдағы алғашқы ауыр дрон, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірлеушілердің мәліметінше, ең жоғары крейсерлік жылдамдығы сағатына 200 шақырым болатын аппарат толық жүктемемен 24 сағаттан астам уақыт әуеде бола алады және 7 мың метр биіктікке көтеріледі. Ұшу аппаратына көтерілу мен қону үшін небәрі 300 метрлік жолақ жеткілікті.

«Алғашқы ұшу кезінде TP200 қысқа қашықтықтан ұшу және қону мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Аппараттың тұрақтылығы күткенімізден де асып түсті. Бұл инженерлік есептеулер мен жүйелік интеграцияның дәлдігін толық растады»,– деді бас конструктор Фан Лян.

Әзірлеушілер жаңа модельдің толықтай отандық бөлшектерден құрастырылғанын атап өтті. Модульдік құрылымының арқасында TP200 өрт сөндіру, шалғай аймақтарға жүк жеткізу, патрульдеу және экологиялық мониторинг жүргізу сияқты түрлі міндеттерге бейімделе алады.

댓글
기타 기사