Баласымен жүрген әйелге көпқабатты үйден кесек мұз лақтырған кім?

186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/igzSM31QOX7tO8O9KjiVhvHIvs0XjGhOEDPS2ZnI.webp

Павлодар қаласында сәбиін арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты тұрғын үйден мұз кесегі құлап, ол жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 8 шілде күні Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Зардап шеккен әйел сол сәтте сәбиін қоларбамен серуендетіп жүрген.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда осы уақытқа дейін мұз кесегін лақтырған немесе оның құлауына кінәлі адам анықталмаған. Зардап шеккен әйелдің туыстары кінәліні өз бетінше іздеуге мәжбүр екенін хабарлады. Жарияланған фотосуреттерден әйелдің басына тігіс салынғаны байқалады.

Павлодар облысы ПД хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, оқиға куәгерлерінен жауап алып жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар адамды анықтап, оны жауапкершілікке тарту үшін жан-жақты шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ бұл қылмыстық істің Павлодар облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтілді.

댓글
기타 기사