Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратқан жігіт сотталды

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Астанада әлеуметтік желіде әскерде зорлық-зомбылық көргені туралы жалған ақпарат таратып, азаматтардан ақша жинаған 23 жастағы тұрғын үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Тергеу мәліметінше, ол биыл ақпан айында анонимді жазба жариялап, шетелге кету үшін қаржылай көмек қажет екенін айтып, банк реквизиттерін көрсеткен. Алайда желі қолданушыларының бірі құқық қорғау органдарына шағымданғаннан кейін жүргізілген тексеріс барысында оның әскерде мүлде қызмет етпегені және жариялаған мәліметтерінің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.

Сондай-ақ күдіктінің ақша жинау үшін бұл жағдайдан хабарсыз 17 жастағы танысының банктік шотын пайдаланғаны белгілі болды. Екі күн ішінде көрсетілген есепшотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.

Тергеу барысында айыпталушы қаржылай пайда табу мақсатында жалған ақпарат таратқанын толық мойындаған.

 

Сот оны алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдардың есепшотына ақша аудармауға шақырды.

댓글
기타 기사