«Бірге күштірекпіз». Әлиев Түркия мен Әзербайжанды ең жақын мемлекеттер деп атады

142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C9TZgWyv6ReEoOuUuk1bkHrlrMlOj0H2oDiJMrTY.jpg

Бүгін, 13 шілдеде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркия мен Әзербайжанның бір-біріне ең жақын мемлекеттер екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі АПА-ға сілтеме жасап.

«Саяси, экономикалық, энергетикалық және көлік байланыстарының деңгейіне, сондай-ақ халықтар арасындағы қарым-қатынасқа назар аударсақ, әлемде Түркия мен Әзербайжандай бір-біріне соншалық жақын, өзара қолдау көрсететін әрі достық байланысы берік екі елді табу қиын шығар», – деді мемлекет басшысы IV Шуша жаһандық медиафорумының ашылуында.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас әзербайжан және түрік халықтары үшін баға жетпес құндылық екенін атап өтті.

«Біз бірге күштірекпіз», – деді Ильхам Әлиев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әзербайжан мен Түркия одағы өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде, ынтымақтастықты дамытуда, көлік байланыстарын нығайтуда және қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

Президент бес жыл бұрын Шуша қаласында Түркия Президентімен бірге Шуша декларациясына қол қойылғанын еске салды. Бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты одақтастық деңгейге көтерген.

«Біз тек бауырлас әрі дос халықтар ғана емес, сонымен қатар одақтастармыз», – деп түйіндеді Ильхам Әлиев.

댓글
기타 기사