Қостанайда мемлекеттік рәміздер күніне арналған форум өтті

29
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nh2faBm4ll4tiZA1AKN7I7oVHDq7sl99qDJQHtHk.jpg

Қостанайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет» атты облыстық форум өтті. Іс-шарада азаматтық жауапкершілік, патриотизм және ұлттық құндылықтар мәселелері талқыланды.

Форум барысында мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіндегі рөлі сөз болды. Қатысушылар құқықтық мәдениет, белсенді азаматтық ұстаным және қоғамдық жауапкершілік тақырыптарына тоқталды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтудағы маңызын атап өтті.

– Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің тірегі. Бізді ортақ құндылықтар мен ел болашағына деген жауапкершілік біріктіреді, – деді облыс әкімі.

Форумға ерекше құрметті қонақ ретінде қоғам қайраткері, жазушы Зейнеп Ахметова және Олимпиада жүлдегері Василий Левиттің анасы қатысты. Олардың қатысуы іс-шараның мазмұнын толықтырып, жастар үшін өнегелі үлгі ретінде бағаланды.

Форумда Конституцияның рөлі, заң мен тәртіп қағидаттары, жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы және еріктілік мәдениеті де талқыланды. Спикерлер патриотизмнің күнделікті жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету арқылы көрінуі қажет екенін айтты.

Сондай-ақ креативті индустриялар, мәдениет, экологиялық еріктілік және қоғамдық белсенділік мәселелері көтерілді. Қатысушылар «Таза Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыру жолдарын да талқылады.

Іс-шара аясында «Патриот – 2026» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қоғам дамуына үлес қосып, азаматтық белсенділігімен, кәсібилігімен және елге қызмет ету жолындағы еңбегімен ерекшеленген тұлғаларды ұлықтауға арналды. Түрлі сала өкілдері патриотизмді нақты іспен дәлелдеп, қоғамдағы белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі үшін арнайы номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, медицина саласында Қостанай облыстық ауруханасының травматолог дәрігері Санжар Жагапаров, ғылым номинациясында Ұзынкөл ауданындағы Пресногорьков орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сергей Винниченко, меценаттық бағытында «Ершовское 2» ЖШС директоры Сабит Агайдаров марапатталды.

Сонымен қатар «Ауыл адамы» номинациясы бойынша Науырзым ауданынан Андрей Гриценко мен Жангелдин аудандық полиция бөлімінің басшысы Айбат Әбдір, «Адал еңбек адамы» аталымында Денисов ауданынан жүргізуші Төребай Дауренбеков үздік деп танылды.

Спорт саласында студент Фархат Мутунов пен тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Батырхан Абильбеков, білім беру саласында Қостанай қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Таир Әбдіқадыр марапатқа ие болды. Ал мәдениет саласындағы жеңімпаз – Бейімбет Майлин ауданындағы «DAIMONDS» хореографиялық ұжымының жетекшісі Евгения Орлова болды.

Форум қорытындысында мемлекеттік рәміздерге құрмет ел дамуына үлес қосу мен қоғамдық жауапкершілік арқылы көрініс табуы тиіс екені айтылды. Қатысушылар бірлік пен өзара сенім ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

댓글
기타 기사