Президент Путинмен кездесуінде Байқоңыр туралы айтты

91
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MinqriPf9DYGcFjqUDMK1EsTxh59IILGcOdOgejP.jpg

Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ғарыш нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары аясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ғарыш саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы перспективалы бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

"Байқоңыр ғарыш айлағы көптеген жыл бойы жемісті ғылыми-техникалық әріптестіктің жарқын символы болып келеді. «Бәйтерек» бірлескен жобасын жүзеге асыру, соның ішінде жаңа «Сұңқар/Soyuz-5» зымыран тасығышының жуырдағы сәтті ұшырылымы елдеріміздің халықаралық ғарыш қызметтері нарығындағы орнын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады", — деді Президент.

Айта кетейік, 27–29 мамыр аралығында Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтіп жатыр. 

댓글
기타 기사