Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан OYU Fest-тің бас серіктесі болады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nP9NSONjzkb9sw8Lohod0bUxkXZ4NWC9fVMJsVym.jpg

Қазақстандық заманауи музыканың ең ірі фестивальдерінің бірі 4 және 5-ші шілдеде Алматыда өтеді.

Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан қазақстандық заманауи музыканың ең ірі фестивальдерінің бірі – OYU Fest-тің бас серіктесі болады.

Фестиваль 4-ші, 5-ші шілдеде Алматыдағы «Бірінші мамыр тоғандары» демалыс саябағында өтеді. Бағдарламада – танымал жас орындаушылар, қазақстандық сахнада өнер көрсетіп жүрген жаңа жұлдыздар және екі хедлайнер болады, олардың есімдерін ұйымдастырушылар әзірге құпия сақтауда.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Бүгінде заманауи қазақ музыкасын Қазақстанда және одан тыс жерде миллиондаған адам біледі әрі сүйіп тыңдайды. Бұған OYU жобасының қосқан үлесі зор, ол талантты орындаушылардың үлкен сахнаға шығуына, ал көрермендердің жаңа жұлдыздарды тануына көмектеседі.

Біз бірнеше жылдан бері OYU Fest фестиваліне қуана қолдау көрсетіп келеміз және заманауи қазақстандық музыкаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанына қуанамыз. Баршаңызды фестивальге шақырамыз және жарқын көңіл-күй, жақсы музыка мен жаңа белестер тілейміз!».

Өткен жылы OYU Fest Алматы мен Астанада 25 мың көрерменді жинады. Фестиваль өткізілген бес жылдың ішінде оның сахнасында «Ninety One», «Ирина Кайратовна», Қайрат Нұртас, Alem, Shiza, Yenlik, Dudeontheguitar, Daiynball, ALPHA, «Дос-Мұқасан», Moldanazar, Ayau, Dequine және тағы басқа жұлдыздар өнер көрсетті.

OYU Fest 2026 фестиваліне билетті Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Travel сервисінде (сілтеме ұялы телефоннан ашылады) сатып алуға болады. 12 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер мен 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін фестивальге кіру тегін.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады. Қазақстанда суперқосымша төлемдер, электронды коммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электронды коммерция платформасы – Hepsiburada-ның иесі.  

댓글
기타 기사