Ақыры Мирзиёев те Мәскеуге жөнелді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bp0j68lrXC9cEgukwU8BCNY3UyNDY5UgMmMqNIoC.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ресми мәліметке сәйкес, Мирзиёев Ресей астанасына жұмыс сапарымен аттанған. Сапар барысында ол Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне арналған бірқатар ресми шараларға қатыспақ.

Айта кетейік, бұған дейін Кремль жариялаған Қызыл алаңдағы әскери парадқа шақырылған шетелдік көшбасшылар тізімінде Орталық Азия басшыларының бірде-бірінің есімі болмаған еді. Соған қарамастан, Өзбекстан тарапы президенттің Мәскеуге баратынын ресми түрде растады.

Қазіргі уақытта Мирзиёевтің сапары аясында Ресей басшылығымен жеке кездесулер өтетіні немесе қандай да бір екіжақты келіссөздер жоспарланғаны жөнінде нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың та Мәскеудегі мерекелік іс-шараларға қатысатыны белгілі болған еді. Кремль бұл сапарларды «достық қадам» ретінде бағалап отыр.

댓글
기타 기사