Каспий түбінен кабель тарту жұмыстары басталады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nQmpTWZhXqMHOpF1Eo7RVk5BhWf4r6E5ZmkQgUbK.webp

Фото: facebook.com/BagdatMussin

Қазақтелеком Каспий теңізі арқылы өтетін жаңа талшықты-оптикалық байланыс желісіне арналған кабельдің дайын екенін хабарлады. Жоба аясында Ақтау мен Сумгаит қалаларын жалғайтын суасты интернет желісі 2026 жылы іске қосылуы мүмкін.

Компания мәліметінше, суасты кабелі 2026 жылдың сәуір-маусым айларында Каспий жағалауына жеткізіледі. Ал теңіз түбіне төсеу жұмыстары жаз мезгілінде басталады.

Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісі AzerTelecom компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жобаның теңіздік және құрлықтық зерттеу жұмыстары толық аяқталған, ал кабель өндіріліп, жөнелтілген.

Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы цифрлық байланысты күшейтіп, интернет өткізу қабілетін арттыру.

Сонымен қатар компания ауыл-аймақтарды интернетпен қамту бағытындағы жұмыстар туралы да мәлімет берді. “Тазарту”, “Sapa+” және “Ауыл Online” жобалары арқылы 630 мың отбасы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. 2027 жылға дейін 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны, 1941 мектеп және 2905 мемлекеттік мекеме интернетке қосылмақ.

Каспий түбімен кабель төсеу жобасы алғаш рет 2019 жылы басталған. Бастапқы жоспар бойынша ол 2021 жылы аяқталуы тиіс еді, алайда түрлі себептермен мерзімі бірнеше рет өзгертілген. Қазір жоба қайта жанданып, кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

댓글
기타 기사