Баян-Өлгейде Қазақстан консулдығы ашылады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mnAtWrhJImlORHCBGoXI9XNpRoJEbZvc3IL16ewz.webp

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.

Бұл шешім екі ел басшыларының кездесуінде талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен жүргізілген кездесудің нәтижелі өткенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқан.

«Біз екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Атап айтқанда, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік», – деді Тоқаев.

Президент бұл шешімді тарихи тамыры ортақ, бауырлас халықтар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын маңызды қадам ретінде бағалады.

«Бұл – моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Президент Хурэлсүх мырзаға зор алғысымды білдіремін», – деді ол.

댓글
기타 기사