Салынбақ АЭС саны өсті. Жаңа мекендері аталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BS6iPLWA4l2XAdR0BTOJ4QtTIXhGziiDDjsMjbl.jpg

Қазақстанда энергия көздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін алдағы жылдары кемінде 3–4 атом электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда екінші және үшінші АЭС салынатын өңірлер нақтылану үстінде. Мамандар құрылысқа ең қолайлы алаңдарды энергетикалық теңгерім, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары тұрғысынан жан-жақты зерттеп жатыр.

«Қазір құрылысты салуға ең қолайлы алаңдарды жан-жақты зерттеп жатырмыз. Болжамды энергия теңгерімі тұрғысынан да, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары тұрғысынан да Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға арналған бірнеше орын бар екенін көріп отырмыз», – деді Сәтқалиев.

Алдын ала қарастырылып жатқан негізгі аймақтардың бірі – Балқаш маңы. Мұнда алты ірі энергетикалық блок салуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Курчатов қаласы кіші және орта қуатты реакторларды дамытуға қолайлы алаң ретінде бағалануда.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысы да қарастырылып жатыр. Бұл өңірде энергетикалық нысандарды пайдалану тәжірибесі бар. Мұндағы қондырғылар тек электр энергиясын өндірумен шектелмей, тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге, тіпті теңіз суын тұщытуға мүмкіндік береді.

Сәтқалиевтің айтуынша, ұзақ мерзімді перспективада Қостанай облысы да атом электр станцияларын салуға әлеуетті өңірге айналуы мүмкін.

 

댓글
기타 기사