Қуғын-сүргінді зерттейтін «Мемориал» қоғамын Ресей "экстремистік ұйым" деп таныды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6AO3nGkIVX12DaAqGYGinWm3afn9F47AkCh7lA89.webp

Ресей жоғары соты жабық режимде «Халықаралық „Мемориал“ қоғамын "экстремистік ұйым" деп танып, ел аумағында оның қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл қозғалыс ресми түрде тіркелмеген, ал сот шешімі негізінен 2022 жылы жойылған құрылымдардың орнына құрылған құқық қорғау ұйымдары мен олармен ынтымақтастықта жүргендерді нысанаға алады.

Шешім Ресей Федерациясының әділет министрлігі өтініші бойынша қабылданды. Сот сайтында нақты кімге және не үшін шағым берілгені көрсетілмеген. Алайда баспасөз қызметі қозғалысты экстремистік деп тануды мақсат еткенін хабарлады.

Сот ісі бірінші инстанцияда қаралды. Бірақ экстремистік деп танылған ұйымға тыйым заң бойынша дереу күшіне енеді. Ал сот шешіміне шағым беретіндерге қатысты жауапкершілік апелляциядан кейін, министрлік жаңа деректерді тыйым салынған ұйымдар реестріне енгізгеннен кейін ғана басталады.

Алайда, аталмыш қозғалыс ресми түрде тіркелмеген әрі Ресейде де, басқа елдерде де заңды тұлға ретінде жоқ.

«Іс „өте құпия“ мәртебесінде қаралып жатыр, біз сот және әділет министрлігінің «Халықаралық Мемориал қозғалысына» кімдерді жатқызатынын немесе айыптардың нақты мазмұнын білмейміз», — дейді Наталия Секретарева, "Мемориал" құқық қорғау орталығының заң бөлімі жетекшісі.

Халықаралық тарихи, білім беру, адам құқықтары және қайырымдылық бағытында жұмыс істейтін «Мемориал» қоғамы - КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіндерді зерттеу үшін құрылған үкіметтік емес ұйым. 1992 жылы Мәскеуде құрылған. Оның алдында 1987 жылы пайда болып, бірнеше аймақтық ұйымдар мен топтардың пайда болуына себеп болған Мәскеулік «Мемориал» қоғамдық тобы жұмыс істеді. 1989 жылы олар бірігіп, Бүкілодақтық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамын құрды.

Кейін халықаралық ұйымға айналған "Мемориал" қоғамы Ресей, Германия, Қазақстан, Италия, Чехия, Бельгия, Франция және Украинадағы он екі ұйымның серіктестігі болып табылады. Қоғам зерттеулер жүргізеді, адам құқықтарын қорғау және ағарту істерімен айналысады.

댓글
기타 기사