Трамптың әйелі БҰҰ кеңесінде төрағалық етеді — БАҚ

112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YxSOoBAXEspwfw1OIVRyf1XA37CHk2qgDbyC011V.webp

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйлеуі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС агенттігі сілтеп.

Жиын 2 наурыз күні өтеді.

Ақпаратқа сәйкес, бірінші ханым білім беру мен ағартудың маңыздылығы туралы баяндама жасайды деп күтілуде. Мелания Трамп X әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған материалға сілтеме жариялап, осылайша бұл мәліметті жанама түрде растаған.

1 наурыздан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету бір ай мерзімге АҚШ-қа өтеді. Телеарна дерегінше, бұл жолғы отырыста Мелания Трамп төрағалық етуі ықтимал. Егер бұл ақпарат расталса, алғаш рет АҚШ президентінің жұбайы немесе өзге де әлемдік көшбасшының зайыбы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын жүргізбек.

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц те бірінші ханымның отырысқа қатысып, төрағалық ететінін растаған.

댓글
기타 기사