Аңдығаны – Ашаршылық. Ресейлік саясаттанушы Қазақстанға қоқан-лоқы жасады

693
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SLu0vK31XmG2JUUENARL9npBghAKliXICXt25Yf1.jpg

Ресейлік саясаттанушы әрі тарихшы Дмитрий Верхотуров Қазақстандағы Ашаршылық тақырыбына байланысты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қазтагқа сілтесе жасап.

«Ашаршылыққа қатысты мәселелер Қазақстан үшін жай ғана қауіпті емес, олар тұтастай алғанда мемлекеттіліктің өмір сүруі тұрғысынан да қауіпті. Украинада не болғанына қарап-ақ түсінуге болады. Қазақстанды не күтіп тұр? Олар Украина жүргізген саясаттың дәл сондай бағытын ұстануы мүмкін, бірақ бұл қарулы қақтығысқа алып келеді. Қазақстан, біріншіден, дайын емес, екіншіден, Ресейге қарсы тұратындай емес, тым әлсіз», – деді ол желіде кеңінен тарап жатқан сұхбаттарының бірінде.

Оның айтуынша, бұл мәселеде қазақтар әрдайым ескеруі тиіс тағы бір жайт бар.

«Біз үшін украин халқы – өте жақын туыс, іс жүзінде өз адамдарымыз. Соған қарамастан, олар бізді сондай жағдайға жеткізді, біз оларды соққыға жықтық. Ал қазақтар орыстар үшін толықтай өз адамы емес. Иә, олармен достасуға болады, бірақ бәрібір олар біршама алыстау адамдар», – деді Верхотуров.

Айта кетейік, Дмитрий Верхотуров – «Болмаған қазақ геноциді» атты кітаптың авторы.

Тарихшылардың бағалауынша, 1930 –1933 жылдардағы Ашаршылық салдарынан әртүрлі дерек бойынша шамамен 2 миллионға жуық адам қаза тапқан. Құрбандардың басым бөлігі (шамамен 90 пайызы) этникалық қазақтар болған, бұл халық санының жартысына жуығын жоғалтуға әкелді. Мәселен, 1926 жылы шамамен 4 миллион қазақ болса, Ашаршылықтан кейін 1939 жылға қарай олардың саны 2,3 миллионға дейін азайған.

댓글
기타 기사