Трамп 10% көлемінде жаһандық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп жаһандық деңгейде 10% қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Бұл туралы ол арнайы шақырылған баспасөз конференциясында айтты.

Трамп бұл шешімін АҚШ жоғары сотының тарифтерге қатысты шешіміне жауап ретінде қабылдап отырғанын жеткізді. Ол сот шешімін «өте көңіл көншітпейтін» деп бағалады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жаңа баж салығы қолданыстағы тарифтерге қосымша ретінде енгізіліп, 150 күн бойы күшінде болады.

Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты Трамптың бірқатар елдерге қатысты біржақты енгізген баж салығын заңсыз деп таныған. Судьялар тарифтерді енгізу құқығы тек Конгреске тиесілі екенін атап өткен.

Ал Германия үкіметі аталған шешімді назарға алғанын хабарлап, АҚШ әкімшілігімен байланыс орнатып, алдағы қадамдарға қатысты нақты түсінік алуға тырысып жатқанын мәлімдеді.

댓글
기타 기사